04.05.2007, 14:28 3036

ҚР қорғаныс министрлігі әскерилер үшін әскери қызметтің беделін көтеретін әлеуметтік қоржынның жобасын дайындауда

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР қорғаныс министрлігі әскерилер үшін әскери қызметтің беделін көтеретін әлеуметтік қоржынның жобасын дайындауда. Бұл туралы республиканың қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін журналистермен кездесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ел президенті қорғаныс министрлігіне әскерилерге жалақы төлеу жүйесін ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы оларға деген көзқарасты да өзгертетіндей лайықты әлеуметтік қоржын жасауды тапсырды",- деді Д.Ахметов. Министрдің айтуынша, бұл қоржынды дайындауда "қорғаныс министрлігі үшін әскери қызметтің беделіне айрықша мән берілді".

Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, мемлекет басшысы "қорғаныс министрлігіне әскерилердің тұрғын үй тауқыметін шешуге уақыт ұттырмай шара қолдануды тапсырған". "Елімізде 5 мыңдай адам баспана кезегінде тұр. Бірақ біз биылғы жылдың екінші жартысынан бастап өз әскерилерімізге арнап үлкен көлемде баспаналар тұрғыза бастаймыз",- деді министр.

Оның нақтылауынша, "тұрғын үй құрылысы тек Астана мен Алматы секілді үлкен қалаларда ғана салынбайтын болады". "Біз бірінші кезекте біздің Отар, Аягөз, Сарыөзек, Шенгелді және Жітігер секілді әскери гарнизондарымызда да әскерилердің баспана жағдайын жақсартуға кірісеміз",- деді Д.Ахметов.

Қорғаныс министрі "өзі басқаратын мекеме тек тұрғын үй құрылысы бағдарламасымен ғана шектеліп қалмайтынын" атап өтті. "Біз бірінші кезекте әскерилердің отбасылары мен баларына лайықты әлеуметтік жағдай жасап, қорғаныс министрлігі жүйесінің спорттық қалашықтарының ең таңдаулы болғанын қалаймыз",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны