20.03.2007, 17:17 3276

ҚР қорғаныс министрлігі әскерлердің жауынгерлік дайындығына жұмсалатын шығындар көлемін екі есе арттырмақшы - қорғаныс министрі

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР қорғаныс министрлігі әскерлердің жауынгерлік дайындығына жұмсалатын шығындар көлемін екі есе арттырмақшы. Бұл туралы еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қарулы күштердің 2008-жылға арналған бюджетін қалыптастыруда біз үшін жауынгерлік дайындық жүйесінің маңызы зор. Қазір біз осы жылдың бюджетіне талдау жүргізіп, жауынгерлік дайындық деңгейін көтеруге қосымша 3 млрд 95 млн теңге таптық",- деді Д.Ахметов. "Тұтастай алғанда жауынгерлік дайындыққа биыл 3 млрд 900 млн теңге жұмсау жоспарланған, басқаша айтқанда, біз жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру үшін қосымша осыншама қаржы көзін таптық", деді ол.

Қорғаныс министрі ҚР Қарулы күштері алдағы уақытта жауынгерлік дайындыққа өз бюджетінің 30 процентін бағыттауға неттеніп отырғанын тағы біңр еске салды. "Илемдік ағымға сәйкес жауынгерлік дайындыққа әскери бюджетінің 30 проценттен астамын жұмсайтын армия ғана қуатты. Бұл біз бағдар етіп ұстайтын сан. Бірақ оған келесі жылы-ақ қол жетеді дей алмаймын. Дегенмен, бұл таяу жылдардағы меже. Өйткені, армия дегеніміз - кез-келген қауіп-қатерге дайын болу үшін құрып ұстайтын құрылым",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны