13.02.2014, 17:47 3518

ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы Аэроұтқыр әскерлерін инспекциялауда

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексерістің мақсаты бөлімдердің қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау мүмкіндігін анықтау. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексеру.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының жоспарына сәйкес 2014 жылғы 3 ақпаннан бастап Аэроұтқыр әскерлерінің Алматы гарнизонында шоғырланған бірнеше әскери бөлімдеріне инспекциялау жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексерістің мақсаты бөлімдердің қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау мүмкіндігін анықтау. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексеру.

2014 жылғы 12 ақпанда түске дейін 61993 әскери бөлімінің (Қазақстан бітімгершілік бригадасы) автомобильді және броньды техникасы белгіленген ауданға (70 разъезд, әскери бөлімге таяу жерде) шығарылып тексерілді. 2014 жылғы 12 ақпан сағат 14.30-да барлық техника сақтау орнына оралды.

Тексеру жұмыстары бөлімнің тұрақты орналасқан аумағымен бірге далалық жағдайларда да (оқу орталықтарында) жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны