29.03.2007, 14:29 2799

ҚР қорғаныс министрлігі екі жыл аралығында жеті әскери гарнизонның келісім шартқа отырған әскерилерін жаңа баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР қорғаныс министрілгі бір жарым-екі жыл аралығында басты жеті әскери гарнизонының әскери қызметкерлерін жаңа баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде кеше қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді.

"Заңға сәйкес, біз үстіміздегі жылы жеті әскери гарнизонда қызмет баспанасының құрылысын бастауды көздеп отырмыз, бір жарым екі жылда оны аяқтаймыз",-деді Д.Ахметов.

Қорғаныс министрі өзі басқаратын министрліктің "әң әуелі келісім шарт бойынша әскери қызметте жүргендерге , барлық жауынгерлерге, және олардың отбасыларына әлеуметтік жағдай жасауға , атап айтқанда сапалы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа әлеуметтік стандарттар" дайындап жатқанын хабарлады.

"Қазіргі кезде әскери қызметке қызығушылықты арттыратын кешендік шаралар қарастырылуда, ол келісім шарт бойынша қызмет етіп жатқандардың табыс деңгейін, әлеуметтік пакетті кезеңмен көбейту жоспарланған",-деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны