05.05.2016, 15:49 4108

ҚР Қорғаныс министрлігі Қызыл Крест Өӊірлік өкілдігімен меморандум бекітті

Қол қойылған меморандум аясында қарулы қақтығыстар мен басқа да жағдайлар барысында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге өзара септігін тигізеді. Бұдан өзге, ХҚКК өӊірлік өкілеттілігініӊ қызметкерлері ҚР ҚК әскери қызметшілеріне арнап халықаралық гуманитарлық құқық нормаларыныӊ негіздері жөнінде оқу-жаттығу курстарын, семинарлар мен тренингтер өткізетін болады

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігі мен Орталық Азия Халықаралық Қызыл Крест Комитетініӊ (ХҚКК) Өӊірлік Өкілеттілігі өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қол қойылған меморандум аясында қарулы қақтығыстар мен басқа да жағдайлар барысында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге өзара септігін тигізеді. Бұдан өзге, ХҚКК өӊірлік өкілеттілігініӊ қызметкерлері ҚР ҚК әскери қызметшілеріне арнап халықаралық гуманитарлық құқық нормаларыныӊ негіздері жөнінде оқу-жаттығу курстарын, семинарлар мен тренингтер өткізетін болады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Ынтымақтастықта болған жылдардан бері ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында халықаралық гуманитарлық құқық және жоғары әскери оқу орындарында Соғыс құқығын оқыту бойынша білімдерін кеӊейту ұйымдастырылды. Бірінші кезекте бітімгершілік бөлімшелері мен ҚР ҚК әскери-оқу орындары үшін қарулы қақтығыстар құқығы бойынша нұсқаушылар дайындады", - деді ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментініӊ бастығы полковник Иділ Беков.

Бұдан өзге, қазір бітімгершілік батальонына қарулы қақтығыстар құқығы оқытылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде "Жауынгердіӊ ұрыстағы мінез-құлық кодексі" шығарылды. Искери ауқымдағы ынтымақтастықтыӊ маӊыздылығы Халықаралық Қызыл Крест Комитетініӊ "Мызғымас бауырластық" оқу-жаттығуына қатысуы, сондай-ақ "Өзара іс-қимыл" оқу-жаттығуына бақылаушы ретінде қатысуы болып табылады. Сонымен қатар ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін серіктестік" (ҚАЗО) оқу-жаттығу орталығымен өзара іс-қимыл аясында табысты дамып келеді.

Қазақстандық бітімгершілік контингентіне бағытталған даярлықта "Қарулы қақтығыстар құқығы" және "Халықты қорғау" курстарын пысықтауға қолдау көрсетуде ерекше маӊызды. 2015 жылы ҚР ҚК әскери қызметшілерініӊ қатысуымен 6 іс-шара жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Ал биылғы жылға 8 іс-шара жоспарланған. Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі мен Орталық Азия ХҚКК Өӊірлік Өкілеттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум халықаралық гуманитарлық құқық ауқымындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, сонымен қатар оныӊ нормаларын Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне енгізуді жалғастыруға және оны әрі қолдануға оӊ әсерін тигізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны