19.02.2014, 19:34 6501

ҚР Қорғаныс министрлігі Польшамен әскери ынтымақтастық туралы 2014 жылға арналған жоспарға қол қойды

ҚР Қорғаныс министрлігі Польша Республикасының қорғаныс ведомствосымен 2014 жылғы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігі Польша Республикасының қорғаныс ведомствосымен 2014 жылғы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, аталған құжатта арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамын дайындау бойынша тәжірибе алмасу, қазақстандық әскери қызметшілердің Польша Искери-теңіз күштерінің жауынгерлік және жедел даярлық іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі саласындағы екі елдің өзара іс-қимылдары қарастырылған.

Бұл Қазақстан мен Польша Қорғаныс министрліктері арасында тұңғыш рет қол қойылып отырған ынтымақтастық жоспары екенін атап өткен жөн.

" Қазақстан Қарулы Күштері көптеген елдермен, оның ішінде Польшамен де жақсы қарым-қатынас орнатқан. Бүгін біз бұдан ары бірлесе жұмыс істеу үшін ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық. Қазақстандық әскери қызметшілер көптеген халықаралық оқу-жаттығуларға қатысып жүр. Екі жақты және көпжақты ынтымақтастық дамып келеді", - деді полковник Дариуш Карвиньски.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны