17.02.2017, 21:50 6488

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Жапония арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанныӊ Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрініӊ орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Жапонияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатоймен кездесу өтті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрініӊ орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Жапонияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатомен кездесу өтті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтыӊ ағымдағы мәселелері талқыланды. Осы кездесудіӊ аясында көтерілген тағы бір тақырып Қазақстанныӊ Қорғаныс министрлігі мен Жапония арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл ауқымындағы Меморандумға қол қою болды. Бұл құжаттыӊ жобасы алдын ала тараптармен әзірленіп, келісілген болатын.

Қазақстанішкі саяси және экономикалық мақсаттылыққа сүйене отырып мемлекеттіӊ әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттерді бірқалыпты шешу үшін халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапонияныӊ әскери ынтымақтастығы даму үстінде. Исіресе,бұл әскери медицина мен бітімгершілік даярлық ауқымында белсенді байқалады. Аталған бағыттар екі ел қорғаныс ведомстваларыныӊ ынтымақтастықты дамытудағы өзара мүддесін көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны