21.05.2009, 18:08 2885

ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдары заңды тұлғаға келісім-шартын жүзеге асыруға кедергі келтірген - Бас прокуратура

ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдары заңды тұлғаға келісім-шартын жүзеге асыруға кедергі келтірген - Бас прокуратура

Астаан. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдары "Дайк-Пресс" серіктестігінің жалпы әскери жарғыларды басып шығару жөнінде қызмет көрсету келісім-шартын жүзеге асыруына кедергі келтірген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

С.Нұрпейісовтың хабарлағанындай, ҚР президентінің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттік экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде өз бизнесінің пайдасы немесе пайдакүнемдікпен біреулердің мүддесін қолдау мақсатындағы іс-әрекеттері фактілері тексерілді.

Ресми өкілдің мәліметінше, тексеру барысында заңды тұлғаларға кедергі келтіру және басқа мемлекеттік органдар қызметіне заңсыз араласу фактілері анықталды, бұл болса қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын құқық бұзушылыққа жатады.

Мысалы, оның айтуынша, Бас әскери прокуратураға "Дайк-Пресс" серіктестігінің директоры Қазғұловтан жалпы әскери жарғыларды басып шығару жөнінде қызмет көрсету келісім-шартын жүзеге асыруына ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының кедергі келтіріп отырғаны жөнінде шағым келіп түскен.

Тексеру барысында, Бас прокуратураның мәліметінше, "Дайк-Пресс" серіктестігінің жеңімпаз ретінде танылып 41 млн теңгеге келісім-шартқа отырғанына қарамастан, Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің лауазымды адамдары аталған келісімді казынашылық органдарында ұзақ уақыт бойы тіркемегені анықталды.

"Қорғаныс министрлігінің атына енгізілген ұсынысты қарау нәтижесі бойынша "Дайк-Пресс" серіктестігімен отырған келісім-шарт казынашылықта тіркеліп, төрт лауазымды адам, сонымен бірге департамент басшысы полковник Ақпомбаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны