13.06.2014, 18:45 2910

ҚР ҚОСРМ: Тіркелген тарифтердің қолданылу мерзімі - 15 жыл

Үкімет жаңғыртылатын көздерден өндірілетін қуаттың тарифтерін бекітті. Тіркелген тарифтердің қолданылу мерзімі - 15 жыл. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Үкімет жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін қуаттың тарифтерін бекітті. Тіркелген тарифтердің қолданылу мерзімі - 15 жыл. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

"Үкімет жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін қуаттың тарифтерін бекітті. Тіркелген тарифтердің қолданылу мерзімі - 15 жыл. Олар Үкімет белгілеген тәртіппен, инфляция деңгейіне қарай жыл сайын индекстеледі. Тіркелген тарифтер инвесторлардың қызығушылығын арттырып, жаңартылатын энергия көздері нарығына тарту мақсатынды енгізіліп отыр", - деді сөз басында Н.Қаппаров.

Министр атап өткендей, былтыр жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл түзетулер тіркелген тарифтер мөлшерін есептеуге және секторды дамытудың жүйелі шараларын қолға алуға мүмкіндік берді.

"Еліміздің жасыл экономикаға көшу концепциясын іске асыру аясында министрлік жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нысаналы индикаторлары мен оларға қол жеткізу жолдарын белгіледі. Мысалы, 2020 жылға қарай елімізде жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген қуат көзі 3 пайызды құрайды", - деп Н.Қаппаров түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны