09.09.2015, 11:45 3675

ҚР Мәжілісі Алматы қаласындағы ДДҰ-ныӊ МСАК бойынша қашықтықтағы кеӊсесін ашу туралы келісімніӊ ратификациясын мақұлдады

Бүгін ҚР Мәжілісініӊ жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша Алматы қаласында қашықтықтағы кеӊсені ашу бойынша өзара келісімін ратификациялау туралы" ҚР Заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Мәжілісініӊ жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша Алматы қаласында қашықтықтағы кеӊсені ашу бойынша өзара келісімін ратификациялау туралы" ҚР Заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ДДҰ-ныӊ алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұӊғыш кеӊсесі әлемніӊ 54 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласыныӊ аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады.

Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меӊгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудыӊ зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда бейімдеуге мүмкіндік береді. Бірлесе атқарылатын жұмыс нәтижесінде денсаулық сақтаудыӊ бастапқы буыныныӊ қолжетімділігі мен сапасына, әсіресе ауылдық жерлердіӊ тұрғындары үшін; алдын алу бағдарламаларыныӊ тиімділігін арттыруға; жұқпалы емес аурулардыӊ туындау қаупініӊ белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс.

Естеріӊізге сала кетейік, 2013 жылдыӊ қыркүйек айында Түркия елінде өткен ДДҰ-ныӊ Еуропа аймақтық 63-сессиясында Қазақстан елінде алғашқы медициналық санитариялық көмек бойынша қашықтықтағы кеӊсесін ашу туралы шешім қабылданған болатын.

Өткен жылы Денсаулық сақтау Илемдік ассамблеясыныӊ 67-сессиясынла ҚР Үкімет мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ ДДҰ-ныӊ МСАК бойынша Алматы қаласындағы қашықтықтағы кеӊсесін ашу туралы келісіміне қол қойылды.

Ағымдағы жылдыӊ ақпан айында ДДҰ Еуропалық бюросыныӊ Аймақтық директоры Жужжанна Жакабтыӊ жұмыс сапары барысында С.Д. Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетініӊ базасында кеӊсеніӊ ашылу салтанаты өтті. Жоғарыда аталған келісім ратификацияланған соӊ кеӊсе өз жұмысын бастамақ.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны