18.02.2015, 16:48 4416

ҚР Мәжілісі Ресеймен мұнай өнімдерін жеткізу келісіміне енген өзгерістерді мақұлдады

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде депутаттар "2010 жылғы 9 желтоқсандағы ҚР үкiметi мен РФ үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде депутаттар "2010 жылғы 9 желтоқсандағы ҚР үкiметi мен РФ үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Екiжақты келiсiм шарттарды жүзеге асыру мерзімі аяқталуына байланысты, сонымен бiрге Еуразиялық экономикалық кеӊестiӊ келiсiмшартын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаӊтарға дейiн мұнай және мұнай өнiмдерiнiӊ ортақ нарығын қалыптастыру концепциясы бекiтіліп, әзiрленеді және 2018 жылғы 1 қаӊтарға дейiн ЕАЭО мұнай және мұнай өнiмдерiнiӊ ортақ нарығында бағдарлама жасау қарастырылған, тараптар 2024 жылғы 1 қаӊтарға дейiн бағдарламадағы барлық iс-шараларды iске асыруы қажет. 2025 жылғы 1 қаӊтарға дейін ЕАЭО мұнай және мұнай өнiмдерiнiӊ ортақ нарығын құру туралы халықаралық келiсiмшарт жасау көзделген", - дедi өз баяндамасында ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ұ.Қарабалин атап өткендей, ЕАЭО келiсiмшарттары ескеріле келе, ҚР және РФ арасында мұнай өнiмдерiн жеткiзу осы қолданыстағы ҚР және РФ арасындағы келiсiммен реттелген болатын.

2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған хаттамаға сәйкес, қолданыстағы келiсіммен жүзеге асыру мерзiмi 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейiн ұзартылатын болып отыр.

"Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер келiсiмнiӊ бастапқы қолданылу мерзiмi бiтерден кемiнде 6 ай бұрын тараптардыӊ ешқайсысы оны тоқтату туралы ниетiн екiншi тарапқса жазбаша түрде хабардар етпесе, хаттама автоматты түрде бес жылға ұзартылады, яғни 2024 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейiн. Жоғарыда аталғанды ескере отырып, Сiздердiӊ қарауларыӊызға ұсынылған хаттаманы ратификациялау туралы заӊ жобасын қолдауларыӊызды сұраймыз", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны