28.12.2011, 09:30 3661

ҚР Мемлекет хатшысы Қанат Саудабаев бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті

Кездесу барысында Қанат Саудабаев "Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен Қазақстан әлемдегі танымал әрі құрметке лайықты демократиялық мемлекетке айналды. Қазақстанның әлемдік танылуына еліміздің барлық патриоттары өздерінің күн сайынғы еңбектерімен, тамаша өнерімен және әлемдік биіктіктерді бағындырудағы асқан шеберліктерімен үлестерін қосты. Олардың қатарында әлем чемпионы, Афиныдағы Олипимдалық ойындардың күміс жүлдегері, Қазақстан спортының мақтанышы Геннадий Головкин де бар", деп атап өтті.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес марапатталған белгілі спортшыға "Парасат" орденін тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қанат Саудабаев "Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен Қазақстан әлемдегі танымал әрі құрметке лайықты демократиялық мемлекетке айналды. Қазақстанның әлемдік танылуына еліміздің барлық патриоттары өздерінің күн сайынғы еңбектерімен, тамаша өнерімен және әлемдік биіктіктерді бағындырудағы асқан шеберліктерімен үлестерін қосты. Олардың қатарында әлем чемпионы, Афиныдағы Олипимдалық ойындардың күміс жүлдегері, Қазақстан спортының мақтанышы Геннадий Головкин де бар", деп атап өтті.

Отанымыздың жоғары наградасын атақты спортшыға- Қарағанды спорт мектебінің түлегіне тапсырып тұрып, Мемлекеттік хатшысы "мемлекет басшысы шене шынықтыру мен спортты дамытуды қолдауға әрдайым мүмкіндіктер табады. Еліміздің барлық өңірінде спорт мектептерінің желісі кеңейіп келеді, заманауи стадиондар мен спорттық кешендер пайдалануға берілуде. Мысалы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласында жоғары халақаралық талаптарға сәйкес келетін бокс сарайы, мұз айдыны, теннис корты ашылды", - деп атап өтті.

"Илем чемпионы атағы үшін өткен бәсекеде Қазақстан Туын жоғары көтеру мен үшін зор мақтаныш болды. Мен бұл жеңісімді ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына және Президентке арнаймын", - деді әлем чемпионы.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы болып табылады. Геннадий кәсіпқой ринте 22 кездесу өткізіп, оның бәрінде де (19-ы нокаутпен) жеңіске жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны