26.06.2015, 16:35 3392

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова елдіӊ үздік журналистеріне Қазақстан Республикасы Президентініӊ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды және Алғыстарын жариялады

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы рәсім барысында сыйлық лауреаттары мен грант иегерлерін, Мемлекет басшысыныӊ Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ Қазақстанныӊ барша журналистер қауымын кәсіби мерекелері - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Қазақстанныӊ бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамныӊ маӊызды бөлшегі ретінде билік органдары мен ел азаматтары арасындағы дәнекер қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар республиканыӊ барлық табыстары мен жетістіктеріне лайықты үлес қосады, ортақ шаӊырағымыздағы татулық пен келісімді нығайтады, - деді Г.Ибдіқалықова. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқын ұйыстыру, патриотизмге тәрбиелеу, елімізді еӊ дамыған 30 мемлекет қатарына қосу жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру ісінде отандық БАҚ қызметініӊ зор мәнге ие екенін атап көрсетті.

- Қазақстанныӊ бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ сапасы мен кәсіби тұрғыдан жетілуін ынталандыру үшін Мемлекет басшысыныӊ арнаулы марапаттары тағайындалған болатын. Осы марапаттарды тапсыру арқылы біз елдіӊ медиакеӊістігініӊ еӊ лайықты, талантын барынша жарқыратып көрсеткен өкілдерін атап өтеміз, - деді Мемлекеттік хатшы Г.Ибдіқалықова.

Мемлекет басшысыныӊ Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентініӊ сыйлықтары Жанболат Илиханұлы Аупбаевқа - "Егемен Қазақстан" республикалық газетініӊ бас редакторына Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор шығармашылық үлесі үшін; Алексей Владимирович Панға (марқұм) - "Экспресс-К" газеті редакциясы" ЖШС бас директорына елдіӊ ақпараттық кеӊістігі деӊгейін өрістетуге бағытталған қызметі, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.

Гранттар Зарина Георгиевна Есекееваға (Зарина Мұхамедәліге) - "Арша" медиастудиясыныӊ продюсеріне республиканыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы және моноқалаларын мемлекеттік қолдау туралы "24 KZ" телеарнасындағы "Большие города" - "Дархан қала" атты авторлық жобасы үшін; Ринат Думанұлы Кертаевқа - "Хабар" агенттігі" АҚ "Хабар" телеарнасы Бағдарламалар өндірісі дирекциясыныӊ бас продюсеріне қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін тапсырылды.

ҚР Президентініӊ Алғыстары "Достық-Дружба" республикалық қоғамдық-саяси журналыныӊ шығармашылық ұжымына қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін; "Жетісу" өӊірлік қоғамдық-саяси газетініӊ шығармашылық ұжымына өӊірде мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалу барысын тереӊ әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін; "Қазақстан" ұлттық телеарнасыныӊ шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттыӊ жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеӊістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін; ""Көкжиек" және "От и до" радиобағдарламаларыныӊ шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ жұмысы аясында маӊызды мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысын жариялап-көрсеткені ("Новости-Казахстан" ақпарат агенттігі мен "Астана" радиосыныӊ бірлескен жобасы) үшін; "Қазақстан Республикасы Президентініӊ телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ шығармашылық ұжымына Қазақстан туралы өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; "Тіл" ақпараттық-сараптамалық журналыныӊ шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформалардыӊ жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін белсенді жариялап-көрсеткені үшін; "Vesti.kz" ақпараттық-спорт порталыныӊ ұжымына саламатты өмір салтын кеӊінен насихаттағаны, Қазақстанныӊ спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін жарияланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны