21.01.2015, 20:50 4505

ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен селекторлық кеӊес өтті

Селекторлық кеӊес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеӊеске Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерініӊ орынбасарлары - әкімдер жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардыӊ төрағалары қатысты. Оныӊ барысында Мемлекет басшысыныӊ "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" атты Жолдауыныӊ негізгі ережелерін іске асыруға арналған Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ 2015 жылғы жұмысыныӊ негізгі бағыттары белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова Ұлттық комиссияныӊ биылғы жұмысында өӊірлік дамуға баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекеттік хатшы кеӊеске қатысушылардыӊ назарын әйелдерді жұмыспен қамту, бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мәселелеріне аударды. Г.Ибдіқалықова: "Еӊбекке қабілетті және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар бірде-бір әйел жұмыссыз қалмауы тиіс!" - деді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында отбасын нығайту жұмысы Ұлттық комиссияныӊ негізгі міндеттерініӊ біріне айналуға тиіс. Бұл орайда неке және отбасы институтын нығайтудыӊ, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен сақтаудыӊ айқын дәлелі болып табылатын "Мерейлі Отбасы" ұлттық конкурсы маӊызды рөл атқарады. Мемлекеттік хатшы: "Отбасын нығайту - қоғамдағы тұрақтылықтыӊ, яғни елдегі татулық пен келісімніӊ кепілі!" - деп атап өтті.

Мемлекеттік хатшы өӊірлер әкімдерініӊ орынбасарларына Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу аясында Президенттіӊ Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне қолдау көрсету жөніндегі бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуді тапсыра отырып, әйелдер арасынан шыққан соғыс ардагерлерініӊ, майдангерлер әйелдерініӊ, тылдағы еӊбекші әйелдердіӊ сіӊірген еӊбектеріне тоқталып өтті.

Селекторлық кеӊес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны