27.06.2014, 20:56 3730

ҚР Мемлекеттік хатшысы журналистерге сыйлық пен гранттарды табыстады

"Қазақстандық БАҚ-тың сапасы мен кәсібилігін арттыруды ынталандыру үшін Мемлекет басшысының арнайы марапаттары тағайындалды. Біз оларды медиа-кеңістіктің үздік өкілдеріне тапсырамыз. Биылғы жылы ақшалай сыйлықтың жалпы қоры 7 млн 408 мың теңгені құрады. Президент сыйлығының лауреттары 2 млн теңге, грант иегерлері 1 млн 700 мың теңгеден артық алады", - деді Мемлекеттік хатшы.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Иділбек Жақсыбеков елдің үздік журналистеріне ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялады, деп хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мереке - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, отандық журналистиканың басым міндеттерінің бірі ел басшылығы қойған мақсаттарға жету үшін қазақстандықтарды ұйыстыру, бірыңғай қазақстандық жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, патриотизмді нығайту болып саналатынын атап өтті.

"Отандық баспасөз жаңа белеске көтерілді. Журналистер елдегі экономикалық, демократиялық реформаларды жазып көрсетуде. Елімізде қалыптасқан татулық пен берекені ойдағыдай насихаттап келеді. Бұл істе сіздердің үлестеріңіз зор, ақпарат саласын дамытудағы еңбектеріңізді біз жоғары бағалаймыз", - деді И.Жақсыбеков.

"Қазақстандық БАҚ-тың сапасы мен кәсібилігін арттыруды ынталандыру үшін Мемлекет басшысының арнайы марапаттары тағайындалды. Біз оларды медиа-кеңістіктің үздік өкілдеріне тапсырамыз. Биылғы жылы ақшалай сыйлықтың жалпы қоры 7 млн 408 мың теңгені құрады. Президент сыйлығының лауреттары 2 млн теңге, грант иегерлері 1 млн 700 мың теңгеден артық алады", - деді Мемлекеттік хатшы.

"Жас Қазақ" газетінің бас редакторы С.Смайыл мен "Время" газетінің бас редакторы Л.Тараков Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына ие болды. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің гранты "КТК" телеарнасының Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі Я.Красиенко мен "Қазақстан" ұлттық арнасының тілшісі Ж.Төлемісоваға бұйырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің арқасында "Айғақ" телерадиокомпанясының шығармашылық ұжымы, "Казконтент" АҚ, "Коре ильбо" газеті және Қазақстан Республикасындағы "Мир" халықаралық компаняисының ұлттық бөлімшесі жарияланды.

Сөз соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, сонымен қатар журналистік шеберліктерін шыңдай отырып елдегі маңызды ақпараттарды халықпен бөлісудегі еңбектеріне жеміс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны