13.09.2016, 16:16 3399

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қайта ұйымдастырылды

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қайта ұйымдастырылды.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қайта ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы" Жарлық мәтінінде былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 44-бабы 3), 5) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасыныӊ Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заӊыныӊ 17-1-бабына сәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасыныӊ Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерініӊ жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ сапасыныӊ сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігініӊ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы болып қайта құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктіӊ құрылымында ведомство мәртебесіне ие болады және құқық бұзушылықтардыӊ алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігімен бірлесіп бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны