22.10.2015, 20:34 4058

ҚР мемлекеттік қызметінде еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесі енгізіледі - С.Ахметжанов

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысы олардыӊ атқарған жұмысыныӊ тиімділігі мен нәтижелілігіне қарай белгіленеді, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Саян Ахметжанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысы олардыӊ атқарған жұмысыныӊ тиімділігі мен нәтижелілігіне қарай белгіленеді, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Саян Ахметжанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еӊбекті бағалаудыӊ жаӊа әдісі енгізілді, жұмыстыӊ нәтижесі мен өнімділігінен мақсатты көрсеткіштер белгілі болады. Келешекте Елбасы Н.Назарбаевтыӊ Жарлығы бойынша еӊбек ақыны төлеу осы жүйеден шығып есептеледі. Барынша тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкер қосымша бонустарға ие болады", - деді С.Ахметжанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Естеріӊізге салсақ, ҚР Парламенті Сенаты кеӊейтілген отырыста "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызметі туралы" заӊ жобасын қабылдаған болатын. Заӊ жобасы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында көрсетілген мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оныӊ дербестігіне бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны