14.12.2015, 18:54 3836

ҚР мен ҚХР Үкіметтері Басшыларыныӊ келіссөздер қорытындысы бойынша Астанада өзара ынтымақтастық туралы бірқатар маӊызды құжатқа қол қойылды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Мемлекеттік кеӊесі Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізді

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Мемлекеттік кеӊесі Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығыныӊ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жағдайы мен перспективалары талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Атап айтқанда, энергетикалық кешендегі, АӨК-тегі, мұнай-газ секторындағы, экономиканыӊ басқа да салаларындағы іскерлік әріптестікті кеӊіту және нығайту мәселелері қаралды. Үкіметтер басшылары сондай-ақ өӊіраралық және шекаралық ынтымақтастықты одан әрі тереӊдету аспектілерін, екі елдіӊ транзиттік-көліктік әлеуетін бірлесіп пайдалану жолдарын талқылады.

Тараптар өзара тауар айналымын арттыруға бағытталған екі жақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру жайлы айтты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов пен Ли Кэцян бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Рәсім аясында Қазақстан мен Қытайдыӊ қаржы-экономикалық саласындағы ынтымақтастығына қатысты құжаттарға қол қойылды.

Одан кейін өткен брифингте Үкіметтер басшылары келіссөздерді қорытындылап, қазақстандық және қытай БАҚ сұрақтарына жауап берді.

"Біз екі жақты ынтымақтастықтыӊ кеӊ ауқымы бойынша уағдаластықтарға қол жеткіздік. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдіӊ ведомстволары арасында келісімдердіӊ үлкен пакетіне қол қойылды. Олардыӊ жалпы жиынтық сомасы 14 млрд. АҚШ долларын құрады", - деп мәлімдеді Қытай Мемлекеттік кеӊесініӊ Премьері.

Өз кезегінде Қазақстан Премьер-Министрі өткізілген келіссөздердіӊ екі жақты байланыстарды одан әрі дамытудағы маӊыздылығын атап өтті.

"Тар және кеӊейтілген құрамдағы келіссөздер аясында елдеріміздіӊ арасындағы сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастыӊ барлық спектрін талқыладық. Маӊызды үкіметаралық құжаттарға қол қойылды, іс жүзіндегі іс-қимылдармен екі ел арасындағы ынтымақтастықты толықтыратын тағы да бірқатар маӊызды келісімдерге қол қою күтілуде", - деді К.Мәсімов.

Ол сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған жаӊа Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуін салу идеясына қолдау көрсетіп, сонымен бірге "осы бағдарлама мен Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаев айтқан "Нұрлы Жол" бағдарламасы бірін-бірі өзара толықтыратынын" атап өтті. "Бұл бағдарламалар елдеріміздіӊ арасындағы ынтымақтастықты тереӊірек дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді", - деп баса айтты К.Мәсімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны