31.01.2014, 18:45 6262

ҚР мен Пәкістан арасындағы сауда көлемін 3 жыл ішінде 100 млн долларға арттыру керек - Шаукат Или Мукадам

2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 36 млн долларды құрады. Енді алдағы 3 жыл ішінде ҚР мен Пәкістан арасындағы сауда көлемін 100 млн долларға арттыру керек", - деді Шаукат Или Мукадам.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. 3 жыл ішінде ҚР мен Пәкістан арасындағы сауда көлемін 100 млн долларға арттыру керек, деп мәлімдеді Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Или Мукадам.

"Біздің өзара байланысымыз жыл санап даму үстінде. Соның ішінде экономика, сауда-саттық және адам ресурсын басқару саласындағы жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай. 2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 36 млн долларды құрады. Енді алдағы 3 жыл ішінде ҚР мен Пәкістан арасындағы сауда көлемін 100 млн долларға арттыру керек", - деді Шаукат Или Мукадам.

Сонымен қатар, Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Или Мукадам Қазақстан Президентін 2014 жылы Пәкістанға шақырғанын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны