20.12.2011, 12:01 2873

ҚР мен РФ президенттері екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы келіссөздердің табысты аяқталуымен және Мемлекеттік Дума депутаттары сайлауының өтуімен құттықтады, делінген хабарда.

Мәскеу. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР мен РФ президенттері екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынастытереңдетудіңөзекті мәселелерін талқылаған.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы келіссөздердің табысты аяқталуымен және Мемлекеттік Дума депутаттары сайлауының өтуімен құттықтады, делінген хабарда.

"Құрметті Дмитрий Анатольевич, жоғары деңгейдегі біздің кездесуіміз өте табысты өтуде. Ресей мен Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты біріктірудің локомотиві болып табылады. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біз алғаш рет өзара тиімді тауар айналымын 20 миллиард долларға жақындаттық. Сонымен қатар, Солтүстік теңізде теңізшілердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтқым келеді. Мен Сізге және Ресейге амандық, тыныштық, осындай күрделі уақытта бейбітшілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев деп көрсетілген хабарда.

"Құрметті Нұрсұлтан Ибішұлы, біз Сізбен бірге бүгін біздің Жоғары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың "үштігі" форматында және ЕурАзЭҚ форматында бірқатар маңызды мемлекетаралық шараларды өткіздік. Біздің екіжақты қатынастарымыз өте жақсы дамып келе жатқанын атап өткім келеді", - деді Дмитрий Медведев.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасы Солтүстік теңізде теңізшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Бұрын хабарланғандай, Н. Назарбаев Мәскеуде жұмыс сапарымен жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны