28.09.2018, 14:35 6505

ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР Қоғамдық даму министрлігініӊ бірлескен отырысы өтті

Отырысты ашқан ҚР ОСК басшысы Берік Имашев ағымдағы жылы болған сайлау заӊнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Саяси партиялар мен үкіметтік емес сектордыӊ сайлау процестеріне неғұрлым белсенді қатысуы үшін айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласында Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Б. М. Имашев пен Қоғамдық даму министрі Д. А. Кәлетаевтыӊ төрағалығымен сайлау процесінде азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен отырыс өтті.

Бірлескен отырыс жұмысына мемлекеттік органдардыӊ, саяси партиялардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Отырысты ашқан ҚР ОСК басшысы Берік Имашев ағымдағы жылы болған сайлау заӊнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Саяси партиялар мен үкіметтік емес сектордыӊ сайлау процестеріне неғұрлым белсенді қатысуы үшін айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

"Бүгінгі бірлескен отырыс - бұл мемлекеттік органдар, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл, өзара түсіністік деӊгейін арттыру бойынша үлкен жұмыстыӊ бастауы", - деді Б. Имашев.

Отырыс барысында сайлау процесіндегі азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды, жергілікті өкілді органдар депутаттарыныӊ сайлауын өткізу кезінде пропорционалды сайлау жүйесіне көшуге, мүгедектердіӊ сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты сайлау заӊнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Б. Имашев сондай-ақ Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ сайлау процесініӊ негізгі қатысушылары бола отырып, сайлау заӊнамасына сәйкес, атап айтқанда, сайлау комиссияларыныӊ құрамын қалыптастыруда, өз өкілдерін сайлау лауазымдарына ұсынуда, сайлауды байқауда, сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқытуды ұйымдастыруда құқықтары мен өкілеттіктерініӊ кеӊейтілген шеӊберіне ие екендігіне назар аударды.

Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өз сөзінде болашақта қоғамдық-саяси процестерді басқаруда пікір плюрализмініӊ өсуін ескере отырып, азаматтық қоғам институттары қатысуы тиіс екенін атап өтті. Деректерге сәйкес, халықтыӊ арасында ҮЕҰ қоғамдық өмірге, азаматтық, соныӊ ішінде сайлауды байқауына кеӊінен қатысуына деген сұраныс әлі де қанағаттанбаған. Сұралғандардыӊ 35% - ы ҮЕҰ факторын сезінеді, ал 65% - ы олардыӊ рөлін күшейту қажеттілігін көрсетеді. Демек, ҮЕҰ-ды сайлау процесін мониторингтеу, талдау және зерттеу процесіне кеӊінен тарту қажет.

Отырыс барысында ҚР ОСК Төрағасыныӊ орынбасары К. Петров "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ сайлау саласындағы саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері туралы" тақырыпта баяндама жасады.

Бірлескен отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді, ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Қоғамдық даму министрлігі арасында хаттамаға қол қойылды.

Бірлескен отырыс қарсаӊында, ағымдағы жылдыӊ 26 қыркүйегінде, облыстардыӊ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларыныӊ ішкі саясат басқармаларыныӊ басшылары мен қызметкерлері үшін "Азаматтық белсенділік: дамудыӊ жаӊа процестері" тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Сайлау үдерісіндегі қоғамдық бірлестіктер мен сайлау комиссияларыныӊ өзара іс-қимылыныӊ өзекті мәселелерін талқылауға арналған семинарды ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ хатшысы Сәбила Сапарқызы Мұстафина, ҚР ҚДР Азаматтық қоғам істері комитетініӊ төрайымы Илия Қайратқызы Ғалымова, ОСК электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімініӊ жауапты қызметкерлері өткізді.

Семинар-тренинг шеӊберінде қатысушылар Қазақстан Республикасыныӊ сайлау заӊнамасына сәйкес сайлау процесіне саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ қатысуын құқықтық реттеу, сайлау мәселелері бойынша кейбір заӊнамалық актілерге енгізілген жаӊалықтар аясында сайлаушылардыӊ сайлау-құқықтық мәдениетін арттыруда жергілікті атқарушы органдардыӊ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл нысандары туралы жүйелендірілген білім алды.

Осыған байланысты пропорционалды сайлау жүйесі негізінде жергілікті өкілді органдарды (мәслихаттарды) қалыптастыруға, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты сайлау заӊнамасында жақында қабылданған жаӊашылдықтар, электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі құқықтық нормалар талқыланды.

Өткен семинар Орталық сайлау комиссиясы, Қоғамдық даму министрлігі және үкіметтік емес сектор арасындағы тиімді үшжақты әріптестіктіӊ өзекті үлгісі болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны