09.03.2016, 14:32 3540

ҚР ОСК: 14 мыӊнан астам қазақстандық азамат шетелде дауыс береді

Орталық сайлау комиссиясында шетелдегі сайлау учаскелерініӊ жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі брифинг болды.2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасыныӊ 14 мыӊнан астам азаматы қойылған, деді ҚР ОСК Төрағасыныӊ орынбасары В. Фоос

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Орталық сайлау комиссиясында шетелдегі сайлау учаскелерініӊ жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі брифинг болды.2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасыныӊ 14 мыӊнан астам азаматы қойылған, деді ҚР ОСК Төрағасыныӊ орынбасары В. Фоос, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 4 наурызындағы жағдай бойынша шетелдік елдерде ҚР-ныӊ 14 мыӊ азаматы тіркелді. ҚР төрағалығымен 51 шетелдік елде 65 сайлау учаскесі құрылды. 25 учаске - Азияда, 4 - Оӊтүстік және Солтүстік Америкада, 1 - Африка, 20 - Еуропа, 15 - ТМД", - деді В.Фоос, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚР ОСК Төрағасыныӊ орынбасары В. Фоос БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 20 наурызда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарыныӊ депуттарын сайлауда дауыс беру жалпы алғанда 9 840 сайлау учаскесінде өтетіндігі туралы ақпараттандырды.

Дауыс беру күні Қазақстаннан тыс жерде болатын азаматтар сондай-ақ өздерініӊ сайлауға қатысу құқығын іске асыра алады.

Ол үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерініӊ жанында Сыртқы істер министрлігініӊ аумағындағы сайлау округіне қатысты сайлау учаскелері құрылады.

"Сайлау заӊнамасына сәйкес шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерініӊ жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Республика азаматыныӊ төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі", - деді В.Фоос.

Сонымен қатар, еліміздіӊ шет мемлекеттерде жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген азаматтары, олар учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген және Қазақстан Республикасы азаматыныӊ төлқұжаты болған жағдайда, сондай-ақ сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.

2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасыныӊ 14 мыӊнан астам азаматы қойылған.

"Ортсайлауком Басшысыныӊ орынбасары "51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерініӊ жанында 65 сайлау учаскесі құрылды, 25 учаске Азия елдерінде, 4 - Оӊтүстік және Солтүстік Америкада, 1 - Африкада, 20 - Еуропада, 15 - ТМД-да" екенін атап өтті", - деді В.Фоос.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны