27.02.2015, 09:33 3995

ҚР ОСК: Еліміздегі сайлаушылардыӊ толық тізімімен қазақстандықтар 2015 жылдыӊ 10 сәуіріне дейін таныса алады

Еліміздіӊ сайлаушыларыныӊ толық әрі нақтыланған тізімі биылғы жылдыӊ 10-шы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылатын болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ сайлаушыларыныӊ толық әрі нақтыланған тізімі биылғы жылдыӊ 10-шы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылатын болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сайлаушылардыӊ толық әрі нақтыланған тізімін жергілікті атқарушы органдар тисті сайлау комиссияларына биылғы жылдыӊ 5-ші сәуірінен кешіктірмей жіберулері керек. Ал. Сәуірдіӊ 10-нан кешіктірілмей олар қазақстандықтардыӊ назарына ұсынылады",-деді ОСК басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сайлау науқаныныӊ барысы туралы айтып өткен Қ.Тұрғанқұлов Президент сайлауына түсуге ниет білдірген азаматтардыӊ 1 миллион 60 мыӊ теӊге көлеміндегі сайлау жарнасын төлеуі қажеттігін ескертті.

Естеріӊізге сала кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысында сайлау құжаттарыныӊ үлгілері мен 2015 жылдыӊ 26 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауыныӊ басты дайындық шараларыныӊ күнтізбелік жоспары бекітілді.

"Кеше Мемлекет басшысыныӊ кезектен тыс Президент сайлауын 2015 жылдыӊ 26-шы сәуіріне тағайындау туралы Жарлығы жария етілді. Шұғыл түрде сайлау өткізу әлемдік тәжірибеде кездесе беретін жағдай. Мысалы ЕО-қа мүше елдерде соӊғы 5 жылдыӊ көлемінде мұндай сайлаулар 15 рет өткен. Ал бізде ұйымдастырылғалы отырған кезектен тыс Президент сайлауы еліміздіӊ заӊнамаларымыздыӊ нормаларында орын алған кейбір мәселелердіӊ оӊды шешілуіне ықпал етеді",-деді ОСК төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны