16.03.2016, 20:31 4015

ҚР ОСК: Саяси партиялардыӊ саяси пікірсайысы өтті

2016 жылғы 16 наурызда Парламент Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауға қатысушы саяси партиялардыӊ саяси пікірсайысы болды, деп хабарлады ОСК

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 16 наурызда Парламент Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауға қатысушы саяси партиялардыӊ саяси пікірсайысы болды, деп хабарлады ОСК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Телепікірсайысқа партиялық тізімдері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тіркелген барлық алты саяси партияныӊ өкілдері қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Атап айтқанда, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Асқар Исабекұлы Мырзахметов, Қазақстан Коммунистік Халық партиясыныӊ Құрметті Хатшысы Владислав Борисович Косарев, Қазақстанныӊ "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясыныӊ Төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев, "Бірлік" Саяси Партиясы Төрағасыныӊ орынбасары Роза Сақтағанқызы Қуанышбаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияныӊ Жалпыұлттық Азаматтық Жиналысыныӊ өкілі Зәуреш Қабылбекқызы Батталова, "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясыныӊ Төрағасы Или Ибдікәрімұлы Бектаев.

Саяси партиялар өкілдерініӊ сөз сөйлеу реті ҚР ОСК партиялық тізімдерді тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалды. Пікірсайыс үш раундта өтті. Бірінші, екінші раундтар екі турдан болды.

Бірінші раундтыӊ брінші турында пікірсайысқа қатысушылар "Илемдік экономиканыӊ жаӊа болмысы: проблемалары және перспективалары" тақырыбы бойынша сөз сөйледі.Бірінші раундтыӊ екінші турында пікірсайысқа қатысушылар аталған тақырып бойынша сұрақтармен және жауаптармен алмасты. Екінші раундтыӊ бірінші турында пікірсайысқа қатысушылар "Инфрақұрылым, көлік, логистика: Қазіргі заман жағдайларындағы жаӊғырту" тақырыбында сөз сөйледі.Екінші раундтыӊ екінші турында пікірсайысқа қатысушылар жүргізушініӊ сұрағына жауап берді.Үшінші раундта саяси партиялардыӊ өкілдеріне сайлаушыларға арнап сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді.

Теледидарлық саяси пікірсайыс барысында партиялардыӊ өкілдері регламентте ұсынылған уақыт шеӊберінде өз партиясыныӊ платформасын мазмұндап, сайлаушыларды 2016 жылғы 20 наурыздағы сайлауда дауыс беруге қатысуға шақырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауға қатысушы саяси партиялардыӊ пікірсайысы "Хабар" республикалық теледидар арнасыныӊ эфирінде 2016 жылғы 16 наурыз күні сағ. 22:30-да көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны