29.04.2015, 11:37 4213

ҚР ОСК төрағасы Н.Назарбаевқа Президент куәлiгiн табыс еттi

Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан Президентініӊ лауазымына ресми кірісу рәсімінде ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент куәлiгiн табыс еттi

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан Президентініӊ лауазымына ресми кірісу рәсімінде ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент куәлiгiн табыс еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант бергеннен кейiн ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Мемлекет басшысына Президент куәлігін табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Құрметтi Нұрсұлтан Ибiшұлы, 2015 жылғы 26 сәуiрде өткен ҚР Президентiнiӊ кезектен тыс сайлауыныӊ қорытындысы бойынша мемлекетiмiздiӊ тиiстi заӊдарына сәйкес Сiзге Президент куәлiгiн тапсыруға рұқсат етiӊiз", - дедi Қ. Тұрғанқұлов.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылдыӊ 26 сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 97,75% дауысын жинап, айқын жеӊіске жетті. Орталық сайлау комиссиясыныӊ мәліметтері бойынша Елбасыға 8 млн 833 мыӊ 250 адам дауыс берген.

Айта кетейік, бүгінгі инаугурация - тәуелсіз еліміздіӊ тарихындағы бесінші ұлықтау рәсімі. Қазақстан Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Сол салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен еді. Ол уақытта Мемлекет басшысы сайлаушылардыӊ 98,7% дауысын жинап, жеӊіске жетті. Екінші ұлықтау рәсімі 1999 жылы 21 қаӊтарда Астанада Конгресс-Холлда өтті. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 80% дауысына ие болған еді. Ал содан кейін 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен үшінші сайлаудыӊ нәтижесі бойынша тағы да жалпыхалықтық қолдауға ие болып, 91,15% дауыс жинаған Қазақстан Президентін ұлықтау салтанаты 2006 жылғы 11 қаӊтарда Ақордада өткен болатын. Ал төртінші инаугурация 2011 жылы 8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында өтті. 3 сәуірдегі президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 95,55% дауысын жинап, сенімді жеӊіске жеткен еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны