26.12.2012, 13:05 3131

ҚР Парламент Мәжілісі Франциямен әскери мүлік транзиті туралы келісімге түзету енгізуді мақұлдады

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұжырымдамасында көрсетілгендей, келісім Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарды қолдау мақсатында Қазақстан аумағы арқылы Франция әскери мүлкі мен қызметкерлер құрамын тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында "Француз Республикасы Қарулы күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және қалпына келтіру бойынша жағдайларда әскери мүлік мен қызметкерлер құрамын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды қамтамасыз ету туралы Астанада 2009 жылы 6 қазанда Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы үкіметтері арасындағы қол қойылған келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұжырымдамасында көрсетілгендей, келісім Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарды қолдау мақсатында Қазақстан аумағы арқылы Франция әскери мүлкі мен қызметкерлер құрамын тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Келісімге сәйкес, қазақстандық тарап Франция әуе күштерінің транзитіне рұқсат береді.

Искери мүлік тізімін екі жақ келіседі, алайда оқ-дәрілердің кез келген түрін тиеуге тыйым салынады.

Құжат сенаттың қарауына жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны