30.09.2010, 16:48 8078

ҚР парламенті 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 30 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында, 2010-2014 жылдарға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжамдарға өзгертулер енгізілген, деп атап көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2010-2014 жылдарға арналған еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі 2010 жылғы бюджет параметрлерін нақтылауға негіз болған. Осыған орай, Үкімет ұсынған заң жобасы бойынша 2010 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 3 трлн. 517,8 млрд. теңге көлемінде айқындалып отыр. Бұл қолданыстағы бюджетпен салыстырғанда 139,4 млрд. теңгеге немесе 4,1 пайызға артық. "Республикалық бюджет кірістері трансферттік түсімді есепке алмағанда 1 трлн. 973 млрд. теңгені құрайтын болады немесе 135,5 млрд. теңгеге өседі. Оның ішінде аталған қаражаттар мұнайдың тоннасына экспорттық баж салығының артуынан, нөлдік ставка бойынша салынатын қосылған құн салығын азайту есебінен, біржолғы кедендік тексеріс нәтижелері бойынша түсімдерден есепке алынып отыр. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін игерілмей қалуы мүмкін делінген себеппен 130 млрд. теңге шығыстар қысқартылып, ол қайта бөлінеді", деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Жалпы алғанда, 269,5 млрд. теңге сомасында қосымша түсімдер мен босатылатын қаражатты бірқатар басым бағыттарға бөлу қарастырылуда. Атап айтқанда, бюджет жобасына сәйкес, Алматы қаласын дамытуға 11,8 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде, Алматы қаласындағы метро құрылысын қаржыландыруға, 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу іс-шараларын аяқтауға қаражаттар қарастырылып отыр. Ал Астана қаласы дамытуға 13,8 млрд. теңге көзделген. Бұдан бөлек, бюджеттен қарастырылған қаржы инвестициялық жобаларын іске асыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, үлескерлердің проблемаларын шешуге, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты қарастырылатын болады.

"Жалпы, республикалық бюджеттің нақтыланған өлшемдері бойынша түсімдер - 3 трлн. 517,8 млрд. теңге, шығыстар - 4 трлн. 321,4 млрд. теңге, тапшылық - 803,6 млрд. теңгені құрайды", деді қаржы министрі.

Естеріңізге сала кетсек, бұрындары заң жобасын таныстырған ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстанның заң жобасына сәйкес 2011 жылы 1 тонна мұнайға салынатын экспорттық кеден салығын 40 АҚШ долларына дейін өсіру туралы хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны