18.11.2010, 14:28 4618

ҚР парламенті 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңдықабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулерді қарап шығып, оған келісім берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулерді қарап шығып, оған келісім берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сөйтіп, аталмыш заңды парламент қабылдап, елбасының қол қоюына жіберілмек.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында, сенат депутаттары 125 түзетулер енгізгендігі туралы атап көрсетілген.

Бұрын хабарлағанымыздай, "кіріс пен шығыстың жалпы параметрлері қайта қаралмаған",- деп хабарлаған болатын ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев палата отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

"Сенат депутаттары 37 млрд теңге көлеміндегі шығыс қаржысын білім беру, денсаулық сақтау, газификациялау, сумен қамту және жолға бөлуді қайта қарауды ұсынды",- деді министр.

Министрдінің мәліметтеріне сүйенсек, республикалық бюджеттің кірісі 2012 жылы 4 трлн 365 млрд тенгені, шығыс 4 трлн 947 млрд тенгегі құрайды. 2013 жылы республикалық бюджет кірісі 4 трлн 770 млрд тенгені, ал шығыс 5 трлн 152 млрд тенгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны