15.12.2010, 17:24 4052

ҚР парламенті байланыс мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ""Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заңына Сенат енгізген өзгерістерді қарап, оған өз келісімдерін берді. Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қабылданып, енді елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ""Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заңына Сенат енгізген өзгерістерді қарап, оған өз келісімдерін берді. Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қабылданып, енді елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың экономикалық және өңірлік саясат жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заңның негізгі мақсаты сандық теле және радио хабарларын таратуды енгізуді құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету және отандық теле және радио хабарларын таратуды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Заң сандық теле және радио хабарларын таратуды дамытуға және сандық тұрғыдағы таратуға көшу кезеңінде қазақстандық телекомпаниялар мен телеарналарды қолдауға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны