14.10.2010, 16:20 4781

ҚР парламенті биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңды қабылды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасы мен "ҚР биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы кейбір заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасы мен "ҚР биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы кейбір заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, құжат биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, атмосфераға ластаушы заттардың шығарылу деңгейін азайту жолымен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Сонымен қатар заң биоотын өндірісін дамыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдауға және биоотын өндірісі саласына жаңа технологиялар енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, құжат бойынша Үкіметке биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемін айқындауға мүмкіндік беретін нормалар енгізіледі. Құжат қабылданған жағдайда ол әлеуметтік және экономикалық салаға кері әсерін тигізбейді және биоотын өндірісі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп, отын ресурстарының экологиялық таза көздерін ұтымды пайдалану үшін қажетті құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды.

Сөйтіп, парламент заңдарды қабылдады, келесі кезекте елбасының қол қоюына жіберілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны