15.12.2010, 17:28 5372

ҚР парламенті Қазақстандағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді талқылап, оған өз келісімдерін берді. Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қабылданып, енді елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді талқылап, оған өз келісімдерін берді. Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қабылданып, енді елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың заңнама және құқық мәселелері жөніндегі комитетінің қорытындысында, аталмыш заң ҚР президентінің 2008 жылдың 6-қарашасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда берілген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленгендігі атап көрсетілген.

Заң жобасы мемлекеттік органдардың бақылаушылық-қадағалаушылық қызметін жүзеге асыру мәселелерін жалпы реттеу және оның негізгі принциптерін бекіту үшін бірыңғай құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар құқықтық реттеудің белгілеген салаларының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бақылау-қадағалау жүргізуді салалық заңнамалық актілерде қалдыру ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны