18.06.2010, 12:27 3476

ҚР парламенті Кедендік одақ құруға қатысты бірқатар келісімдер мен хаттамаларды ратификациялады

Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принцптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңын қабылдады.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today Кеше ҚР парламентінің сенат депутаттарының жалпы отырысында Кедендік одақ құруға қатысты бірқатар келісімдер мен хаттамаларды ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принцптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңын қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы қаңтардың 25-індегі Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу жөніндегі принциптері туралы келісім ҚР 2009 жылғы сәуірдің 3-дегі заңымен ратификацияланған болатын. Ал 2009 жылғы желтоқсанның 11-інде Санкт-Петербор қаласында қол қойылған осы Хаттама бойынша жоғарыда аталған келісімнің 3, 10 -баптарына өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принцптері туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңын қабылдады.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Кеден одағында тауарлардыңэкспорттау мен импорттау барысында жанама салық салу және оны төлеу механизмінің тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңын және тағы басқа көптеген заңдарды қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны