29.06.2015, 17:02 3070

ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы Мәулен Ишімбаев Еуропалық Одақтыӊ Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен кездесті.

Комитет төрағасы мейманды жоғары жауапкершілікті жаӊа қызметке тағайындалуымен құттықтады. "Еуропалық Одақтыӊ Орталық Азия бойынша арнайы өкілі қызметініӊ қайтадан қалпына келтірілуі Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынастардыӊ одан әрі жандануына жол ашатынын болады",- деген сенім білдірді

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Комитет төрағасы мейманды жоғары жауапкершілікті жаӊа қызметке тағайындалуымен құттықтады. "Еуропалық Одақтыӊ Орталық Азия бойынша арнайы өкілі қызметініӊ қайтадан қалпына келтірілуі Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынастардыӊ одан әрі жандануына жол ашатынын болады",- деген сенім білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еуропалық Одақ Қазақстанныӊ маӊызды серіктесі екендігін атап өткен Мәулен Ишімбаев, алдағы ынтымақтастық байланыстардыӊ өркендей түсу мүмкіндіктерініӊ жоғарылығына тоқталды. Тараптар серіктестіктіӊ жаӊа деӊгейіне көтерілгенініӊ жарқын көрінісі - еліміздіӊ Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енгені болганын атап өтті.

Келешек өзара байланыстар визалық ынтымақтастық және де ғылым мен жоғары технология бағытында болатынына мүдделік танытылып секторалдық келісімдер жасалған. Еуроодақ еліміздіӊ ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Қазақстанда 6 мыӊ еуропалық компания табысты жұмыс жасап жатыр. Біздіӊ экономикамыздағы индустриализацияныӊ екінші деӊгейіне еуропалық компаниялардыӊ қатысуы үшін ыӊғайлы жағдайлар ұсынылатын болады. 2014 жылдыӊ шілдесінде шетелдік инвесторлар үшін қосымша ынталандыру пакеттері қабылданған.

Үстіміздегі жылдыӊ желтоқсанында Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымыныӊ 162-ші толыққанды мүшесі болады.

Еуропалық Одақтыӊ Орталық Азия бойынша арнайы өкілі қызметіне кіріскен Петер Буриан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жолындағы барлық мүмкіндіктерді жіберіп алмайтынын жеткізді.

Қарым-қатынастардыӊ аймақаралық және жеке деӊгейін көтеру бағдарламаларына 1 миллиард 62 миллион қаржы бөлініп отырғанын мәлімдеді. Инвесторлардыӊ жұмысын өркендетуге, аймақтардыӊ қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан шараларды айтты. 115 миллион еуро қосымша студенттер мен профессорлар алмасу бағдарламасына бөлінетінін хабарлады.

Тараптар парламентаралық байланыстарды да дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі таратты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны