03.04.2014, 21:03 3994

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Қабиболла Жақыпов тағайындалды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Палата спикері болып Қабиболла Жақыпов тағайындалды.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Палата спикері болып Қабиболла Жақыпов тағайындалды.

"Есеп комитетi Қабиболла Қабенұлы Жақыповтың кандидатурасына берiлген дауысты есептедi. Дауыс беру үшiн 105 бюллетень таратылды. Есептеу кезiнде 104 бюллетень анықталды. Қолдағандар - 103, қарсы дауыс берген -1.

Жабық дауыс берудің қорытындысы бойынша ҚР Парламентінің Мәжіліс Төрағасы болып Қабиболла Жақыпов тағайындалды", - дедi Есеп комитетiнiң төрағасы Асқар Базарбаев.

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 58 тармағының 1 бабы және ҚР Парламенті Мәжілісінің 166 регламент бөлігі бойынша Палата төрағасына қазақ тілін еркін меңгерген адамды Мәжіліс депутаттары жабық сайлау арқылы таңдап алады.

Мәжіліс төрағалығына Палатаның депутаттары кандидатураны өздері ұсынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны