17.06.2015, 14:45 3225

ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Төрағасы мен Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасыныӊ Төрағасы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Парламенті Мәжілісініӊ Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Қазақстанда ресми сапармен жүрген Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасыныӊ Төрағасы Владимир Андрейченко ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу иелерініӊ атап өткеніндей, екі ел басшылары ықпалыныӊ нәтижесінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие болды.

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 750 млн. доллардан асты. Қазіргі уақытта кен және шахта техникаларын, тракторларды, астық және астық жинау комбайндарын басқа да техникаларды құрастыруға бағытталған қазақстандық-беларустық бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

Бұл ретте тараптар барлық салада ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігіне тоқталды. Осыған орай, жалпы өзара тиімді байланысты күшейтуде қос мемлекет парламенттерініӊ ықпалы зор болмақ. Сондықтан, Мәжіліс пен Палата өкілдерініӊ арасында қол қойылып отырған бүгінгі Келісім парламентаралық қатынастыӊ тереӊдеуіне тыӊ серпін береді. Қабиболла Жақыпов:

-Келісім екіжақты, сондай-ақ, көпжақты форматта парламентаралық қарым-қатынастыӊ болашағы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, бұл екі мемлекеттіӊ игілігіне қызмет ететін болады,-деп атап өтті.

Өкілдер Палатасыныӊ Төрағасы Владимир Андрейченко екі мемлекет арасындағы өзара сенім мен сыйластыққа негізделген саяси, дипломатиялық, парламентаралық байланыстыӊ бүгінгі күні жоғары деӊгейде дамып келе жатқанын алға тарта келіп:

-Келісімге қол қоя отырып, біз саясат, сауда-экономикалық, салаларда, келісім-құқықтық базаны жетілдіруде, аймақтық ынтымақтастық бағытында әріптестікті одан әрі тереӊдетуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған,-деді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны