15.09.2010, 15:43 3782

ҚР Парламенті мұнай өнімдерінің айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту туралы заң жобасын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Респбликасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Респбликасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сөйтіп, парламент заң жобасын қабылдап, елбасының қол қоюына жіберілетін болды.

Естеріңізге сала кетесек, аталмыш заң жобасына Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары бастама көтерген болатын. Заңда заңсыз мұнай тасымалдауға, сатып алуға, сатуға, сақтауға және өңдеуге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік тағайындалатындығы туралы ұсыныс енгізілген болатын.

Заң жобасының негізгі мақсаты желілік мұнай құбырларына санкцияланбаған ойықтар орнату жолымен жүзеге асырылатын мұнай ұрлауға қарсы күрес шараларын жүзеге асыру болып табылады. Мұндай ұрлық тәсілі құбыр жүйесінің қауіпсіздігіне, елдің, мұнай және мұнай-көлік компанияларының экономикалық мүдделеріне елеулі қатер төндіреді. Мұнайдың жер үстіне төгілуі салдарынан қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіріледі.

Бұдан бөлек мұндай ұрлық мұнайдың экспорттық жеткізілімінің тұрақтылығын бұзуға жағдай жасайды. Энергия ресурстарын сенімді беруші ретіндегі Қазақстанның іскерлік беделіне зиян келтіреді. Сонымен бірге, қазақстандық жобаларға қатысатын шетелдік компаниялардың алаңдаушылығын туғызуға әкеп соғады.

Парламент Сенаты Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына тұжырымдық ережелерін өзгертпейтін барлығы 12 түзету енгізген болатын. Сондықтан да, Мәжіліс депутаттары сенаторлар ұсынған түзетулерге келісім берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны