14.01.2011, 16:39 5275

ҚР парламенті президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді қарастыратын Конституцияға енгізілген толықтыруларды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, осылайша парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаған болатын.

Көпшілік даусымен Парламент Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламент Президенттің ветосын еңсеріп отыр. Бірлескен отырыста Парламент депутаттары заң жобасын қабылдауға бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ, жиын барасында жасалған ұсынысқа сәйкес Конституцияның 46-бабы, 4-тармағындағы "Қазақстанның Тұңғыш Президенті" деген сөздерден кейін "Елбасы" деген сөзбен толықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны