24.10.2012, 14:05 3192

ҚР Парламенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын өндіріске алды

"Заң жобасы шығыстарды оңтайландыру есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің шығындарын жабу арқылы бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Қаржы және бюджет комитеті осы құжатты қарап, 23 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын",- деп мәлім етті депутат Гүлжан Қарағұсова.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын өндіріске алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасы шығыстарды оңтайландыру есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің шығындарын жабу арқылы бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Қаржы және бюджет комитеті осы құжатты қарап, 23 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын",- деп мәлім етті депутат Гүлжан Қарағұсова.

Еске сала кетсек, кеше Үкімет ағымдағы жылдың бюджет жобасын нақтылап, ол бойынша биылғы тапшылықты 2,5 пайыздан 3,1 пайызға дейін арттырған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны