29.12.2010, 15:41 5249

ҚР парламенті сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап, өз келісімін берді. Сөйтіп бұл заңды парламент қабылдады, деп саналады және де елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап, өз келісімін берді. Сөйтіп бұл заңды парламент қабылдады, деп саналады және де елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік дамыту жөніндегі комитетінің қорытындысында, сенаттың заң жобасына 8 түзету енгізгендігі атап көрсетілген. Аталған заң жобасының негізгі мақсаты - сауда қызметін реттеу жүйесін жетілдіру, сыртқы сауда қызметінде еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау және алға жылжыту, сондай-ақ, заң жобасымен отандық тауарларды қолдау және олардың сыртқы нарықтарға жетуін қамтамасыз ету шаралары болып табылады.

Атап айтқанда, заң жобасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Үкімет тарапынан қолданылатын жүйелі шараларды енгізіледі. Ішкі сауданы реттеу мен дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органдардың және Үкіметтің құзыреті анықталады. Сондай-ақ, заң жобасы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек, заң жобасы арқылы әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларының бағасы құрылып, осындай азық-түлік тауарлар бағасын реттеу тетіктері қалыптасады. Оның ішінде сондай тауарларға сауда бағаларының дәлізі бекітіледі.

Аталған шара нарықтағы әлеуметтік тауарларға негізсіз баға өсімін болдырмайды әрі бағаны реттейді. Мәселен, егер облыстарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда бағаларының белгіленген дәліздері артып кетсе, Үкіметтің осындай облыстарға рұқсат етілген шекті сауда бағаларының мөлшерін 90 күннен аспайтын мерзімге белгілеуге құқығы болады. Ал әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілетін сауда бағаларының мөлшерін бақылау жергілікті атқарушы органдардың міндеті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны