23.01.2008, 18:58 2893

ҚР парламенті сенатының төрағасы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады

ҚР парламенті сенатының төрағасы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания делегациясының басшысы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құттықтау жеделхатында біздің еліміз Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен көптеген мәселелер бойынша, демократиялық және саяси дамуға қатысты саяси тығыз үнқатысу жүргізіп келе жатқаны, өзара тиімді қарым-қатынастарды тереңдетуге күш-жігерімізді біріктіретініміз аталып өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының жаңадан сайланған Президентінің саяси мол тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен дарыны ұйымның міндеті мен мақсатына қол жеткізуге ықпал ететіне сенетінін, Луис Мария де Пуиганың жаңа қызметі сәтті басталуына тілектестігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны