30.09.2010, 16:44 7880

ҚР парламенті Тәжікстанға өтеусіз әскери көмек көрсету туралы үкімет аралық келісімді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 30 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапынан берілетін өтеусіз әскери көмек Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі.

Аталған келісімге 2009 жылғы қарашаның 10-інде Душанбе қаласында қол қойылған болатын. Аталған келісімді жүзеге асыру үшін тараптар уәкілетті органдарды тағайындайтын болады. Бұл ретте Қазақстан тарапынан - ҚР Қорғаныс министрлігі, Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Қорғаныс министрлігі уәкілетті орган болып белгіленеді.

Қазақстаннан берілетін мүліктер саны мен тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада айқындалады. Бұдан бөлек, Тәжікстан Қазақстан тарапынан алдын ала жазбаша келісімін алмай, Қазақстаннан алған мүліктерді немесе оларды пайдалануға арналған құқықты үшінші тарапқа бере алмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны