05.05.2011, 09:45 3631

ҚР парламенті Валюталық саясаттың келісілген қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ""Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады.

Астана. 5 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР парламенті Валюталық саясаттың келісілген қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ""Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады.

Аталған келісімге 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Беларусь Республикасы, Қазақстан мен РФ Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер ұлттық валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операцияларындағы рөлін арттыру және аталған валюталардың өзара өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай валюталық саясат жүргізу туралы уағдаласқаны белгілі. Осыған орай, келісімде негізінен тараптардың валюталық саясатты әзірлейтін және жүргізетін қағидаттары белгіленеді.

Мәселен, біріншіден тараптар валюталық саясатты қалыптастыруға және жүргізуге көзқарасты кезең-кезеңімен және ықпалдастық ынтымақтастықтың қалыптасқан макроэкономикалық қажеттеріне сай келетін көлемде үйлестіру мен жақындастыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, валюталық саладағы ықпалдастық үдерістерді дамыту, валюталық саясатты үйлестіру әрі келісу үшін ұлттық және мемлекетаралық деңгейде қажетті құқықтық ұйымдастыру шаралары жасалынады. Екіншіден, Тараптар валюталық салада ықпалдастық үдерістерінің дамуына теріс әсер етуі мүмкін іс-қимылдар жасамайды. Ал оларды еріксіз қолданған жағдайда осындай іс-қимылдардың салдарын барынша азайтуға тырысады. Үшіншіден, Тараптар келісімге қатысушы әрбір мемлекеттің ішкі валюта нарығында да, сондай-ақ халықаралық валюта нарығында да Тараптардың ұлттық валюталарына сенімді арттыруға бағытталған экономикалық саясат жүргізеді. "Келісім бойынша төлем балансында проблемалар және экономикаға төнетін басқа қауіптер болған жағдайда валюталық шектеулерді уақытша енгізу мүмкіндігі де көзделеді.

Құжат ағымдағы жылғы қыркүйекке дейін жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен бірге, заң жобасында көзделген іс-шаралар қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының айырбасталуын қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы саудада, инвестициялық операцияларда рөлін арттыруға, қазақстандық тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлттық валюталардың рөлі жоғарылап, оларға деген сенім арта түседі деп ойлаймыз", - дейді құжат бойынша баяндаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюна жіберіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны