09.06.2011, 15:02 3337

ҚР парламенті зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидалары туралы келісімді ратификациялады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған. Құжат бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық құжаттардың бірі болып табылады.

Астана. 9 - маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған. Құжат бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық құжаттардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, заң жобасы ұлттық заңнамамен қорғалатын Зияткерлік қызметтің нәтижелерімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дараландыру құралдарын сақтау және қорғау саласындағы реттеу қағидаттарын біріздендіруге бағытталады.

Келісімге қатысушы мемлекеттердің ведомстволары арасында Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласындағы үйлестіру, ақпараттық-техникалық ынтымақтастық функцияларын жүзеге асыру мақсатында тараптар тұрақты негізде жұмыс істейтін институционалдық тетік - бірыңғай экономикалық кеңістіктің Зияткерлік меншік жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды көздейді.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны