27.12.2007, 17:41 2972

ҚР парламентіне 2008 жылдың бірінші жартысында 20 заң жобасы енгізіледі

ҚР парламентіне 2008 жылдың бірінші жартысында 20 заң жобасы енгізіледі

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламентіне 2008 жылдың бірінші жартысында 20 заң жобасы енгізіліп, оның ішінде екі жаңа кодекс те бар. Бұл туралы бүгін өткен брифингте сенаттың ресми өкілі Мұрат Нұртілеуов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкіметтің 2007 жылға арналған заң жобалық жоспарларына сәйкес, парламентке тағы да 20 заң жобасы енгізіледі. Оның ішінде "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі ", " Неке және от басы туралы " екі кодексі бар ", - деді М. Нұртілеуов.

Ол атап кеткеніндей, бұл заң жобалары туралы мәліметтер парламентке 2008 жылы, парламенттің осы сессиясының аяғына дейін түсуі тиіс (сессия қыркүйектен маусым айына дейін жалғасады).

М. Нұртілеуов айтқанындай, биылғы жылы парламент 111 заң қабылдады. Оның 16 парламент тарапынан жасалды. Оның сөздері бойынша, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және өткізілген конституциялық реформалар арқасында айтарлық заңдар қабылданды.

Сонда-ақ. биылғы жылы "Еңбек туралы" кодексі және "Білім туралы" жаңа заң қабылданады. " Заңнамалық қызметін тиімді қамтамасыз ету процесі алдағы жылдары да жалғасын алады. Депутаттық корпус заңнамалық жұмыстың сапасы мен жоғары қарқынын сақтап орындауға бар ынтасын салады ", - деп атап кетті М. Нұртілеуов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны