16.01.2014, 18:39 2843

ҚР Парламентінің Сенаты халықаралық келісімдер туралы заңнамалық өзгерістерді қабылдады

Құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің беделін нығайту және халықаралық шарттар жасау барысында ұлттық мүдделерді қорғау болып табылады.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде заңнамаға халықаралық шарттар мәселелері бойынша түзетулерді талқылады, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.

"Заң жобасының ережелері халықаралық шарттарды мемлекеттік және тараптардың келісуі бойынша басқа тілде жасауды орнықтыратын халықаралық шарттар саласындағы заңнаманы жетілдіруге, халықаралық шарттар жасау үдерістерін жүйелеуге, олардың сапасын арттыру және еліміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін халықаралық шарттардың жасалуына жол бермеуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің беделін нығайту және халықаралық шарттар жасау барысында ұлттық мүдделерді қорғау болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны