13.09.2012, 10:02 3254

ҚР праламенті ЕурАзЭҚ валюталық саясаты туралы келісімді ратификациялады

Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттар туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заң жобасын қабылдады.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР праламенті ЕурАзЭҚ валюталық саясаты туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттар туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заң жобасын қабылдады.

"Аталған Келісім 2009 жылдың 11 желтоқсанында Санкт-Петербургте бекітіліп, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының үкімет және орталық (ұлттық) банк басшылары қол қойды", - делінген Сенаттың профилді комитетінің қорытындысында.

Құжат ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі жүргізетін, валюталық операцияларға қатысты шектеулерді біртіндеп жоюға бағытталған валюталық саясат негізін құрайтын қағидаттарды айқындайды.

"Аталған келісімнің күшіне енуі ҚР-ның қазіргі валюталық заңнамасына өзгерістер енгізуді қажет етпейді. Осы заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді және әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық салдары болмайды" - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев өз баяндамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны