06.01.2011, 17:05 5076

ҚР Праламенті Кеден одағының аясындағы екі хаттаманы ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісімге 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі қол қойған. Бұл құжат Кеден одағының фитосанитарлық қауіпсіздік саласындағы негіз қалаушы нормативтік құқықты акті болып табылады.

Құжаттың басты мақсаты - карантинге жатқызылған өнімді кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде әкімшілік кедергіні азайту болып табылады. Сонымен қатар қабылданған заң бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу рәсімін оңайлату шаралары қамтамасыз етіледі. Жалпы, хаттамада негізгі үш өзгеріс қарастырылып отыр. Оның біріншісі, Кедендік одақ аумағындағы шетелдерге өнім шығарған кезде әр мемлекет өзінің ұлттық заңнамасы мен сол өнімді шығаратын елдің заңнамасын басшылыққа алады. Екінші өзгеріс, Кедендік одақ аумағындағы рәсімдеу мәселесі жеңілдетіледі. Яғни, бұрынғы карантиндік сертификаттың орнына Кедендік одақтың талаптары қойылады. Үшінші мәселе - карантиндік сертификат бұдан былай тек өте қауіпті деген өсімдік шаруашылығындағы өнімдерге ғана беріледі.

Сондай-ақ, Сенат депутаттары (парламенттің жоғарғы палатасы) бейсенбідегі жалпы отырыста "Санитарлық номалар бойынша Кеңес одағының келісімне өзгерістер енгізу туралы хаттамасын ратификациялау туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы" келісімді қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның денсаулық министрінің айтуынша, протоколдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың тізімінен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары алынып тасталған.

Парламент қабылдаған екі құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны