07.07.2010, 12:35 4156

ҚР премьері Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Үкімет басшысы күннің бірінші жартысында "Қазфосфат" ЖШС, ""Қазатомөнеркәсіп" Күкірт қышқылы зауыты" БК ЖШС-інде, гидрометаллургиялық "Степногорск тау-химия комбинаты" ЖШС зауытында болып, сондай-ақ Степногорск қаласының өндірістік аймағындағы су жеткізуші магистральдің жағдайымен танысады, деп күтілуде. Содан кейін Кәрім Мәсімов Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жөніндегі кеңес өтетін Щучинск қаласындағы орталық өрт сөндіру депосының ашылу рәсіміне қатысады.

Алматы. 7-шілде. Kazakhstan Today Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Үкімет басшысы күннің бірінші жартысында "Қазфосфат" ЖШС, ""Қазатомөнеркәсіп" Күкірт қышқылы зауыты" БК ЖШС-інде, гидрометаллургиялық "Степногорск тау-химия комбинаты" ЖШС зауытында болып, сондай-ақ Степногорск қаласының өндірістік аймағындағы су жеткізуші магистральдің жағдайымен танысады, деп күтілуде. Содан кейін Кәрім Мәсімов Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жөніндегі кеңес өтетін Щучинск қаласындағы орталық өрт сөндіру депосының ашылу рәсіміне қатысады.

Күннің екінші жартысында К.Мәсімов "Есіл-Агро" ЖШС-інде, "СТ Агросервис" ЖШС-інде, "Көкшетау жылу" МКК-ында, "КамАЗ-инжиниринг" АҚ-да болып, облыстық Қан орталығына барады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Үкімет басшысы облыстық әкімдікте елдің солтүстік аймағын сығымдалған газбен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңес өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны