22.02.2011, 17:00 3645

ҚР премьері Ғаламтор жылдамдығын секундына 16 Мбитке арттыруды тапсырды

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке интернет жылдамдығын секундына 16 Мбитке арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке интернет жылдамдығын секундына 16 Мбитке арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта әлемде ең жоғары интернет жылдамдығы Оңтүстік Кореяда секундына 16 Мбит, АҚШ-та 10 Мбит екенін еске салып өткен Үкімет басшысы: "Мен осындай тапсырма жүктеймін. Бізге осыны Қазақстандағы интернет жылдамдығын Оңтүстік Корея деңгейіне жеткізу үшін 2012 жылғы және одан кейінгі жылдар бюджетінде ескеруіміз қажет",-деген.

Бұл орайда К. Мәсімов Байланыс және ақпарат министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен, "Самұрық-Қазына" қорымен, "Қазақтелекоммен", Қаржы министрлігімен қысқа мерзім ішінде қажетті жұмыстарды үйлестіруді тапсырды. Премьер-Министрдің айтуынша, "бірінші кең жолақты интернет жылдамдығы біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің негізгі мәселелерінің бірі. Сонымен қатар жол құрылысы, ауызсу сынды әлеуметтік мәселелермен деңгейлес маңызды салалардың бірі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны