12.01.2011, 13:06 3451

ҚР премьері Қазақстанның батысында шекаралас аймақтардың ынтымақтастық орталығын құруды ұсынып отыр

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның батысында шекаралас аймақтардың ынтымақтастық орталығын құруды ұсынып отыр. Ол кеше үкіметтің селекторлық отырысы барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешовқа осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның батысында шекаралас аймақтардың ынтымақтастық орталығын құруды ұсынып отыр. Ол кеше үкіметтің селекторлық отырысы барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешовқа осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сізге тапсырма, Қытайдың шекарасында, Хоргос маңында жасаған сияқты аймақ болуы мүмкін",- деді К. Мәсімов.

Ол сондай-ақ, темір жолды ескере отырып Түркіменстан шекарасында орналасқан алаңның осындай орталық құруға қолайлы екендігін атап өтті. "Сол жерден Бандерабасқа дейін (Иран) пойызбен 10-ақ сағат жүреді, яғни бұл теңізге шығатын тура жол. Сондықтан да осыны қарастыру керек",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны